«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 13 ақпандағы № 12 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21766 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бағаларды реттеу өзіне мынадай кезеңдерді және (немесе) іс-шараларды қамтиды:
1) көтерме және бөлшек саудада өткізуге жататын ДЗ үшін:
көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын ДЗ тізбесінің жобасын қалыптастыру;
референттік баға белгілеу негізінде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу;
көтерме үстеме бағаларды қалыптастыру;
қосылған құн салығын есепке алмағанда, көтерме саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру;
бөлшек үстеме бағаларды қалыптастыру;
қосылған құн салығын есепке алмағанда, бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру;